Бүгін «Абылайхан атындағы» заманауи технологиялар және кәсіпкерлік жоғары колледжінде «ReJastary» Қызылорданың ұйымдастыруымен жастарға арналған BUSINESS LAB семинар-тренингі өз жұмысын бастады.
Жобаның алғашқы спикері — «VENERA PRINT» жарнама агенттігінің негізін қалаушы, кәсіпкер Венера Дәулетбаева Нартайқызы. Кездесу барысында кәсіпкер студенттермен өзінің кәсіби және кәсіпкерлік жолымен бөлісіп, бизнесін қалай бастағаны туралы айтып, тәжірибесімен бөлісті.
Семинар барысында қатысушылар тек теориямен шектелмей, практикалық тапсырмалар орындап, командаларға бөлініп, бизнес-жоспар әзірледі және өз жобаларын қорғады. Үздік жоба жазған командаларға «VENERA PRINT» жарнама агенттігінен мотивация ретінде қаржылай сыйақылар табысталды.
BUSINESS LAB — студенттер мен жастарға кәсіпкерліктің алғашқы қадамдарын үйретіп, бизнес-идеяны қалыптастыруға және оны жүзеге асыруға қажетті дағдыларды дамытуға бағытталған жоба.
Жоба алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасып, Қызылорда қаласындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен жастарды қамтитын болады.
Жастардың идеясы — жаңа мүмкіндіктердің бастауы! 👏👏👏🔥
На этой странице вы найдете самую последнюю информацию о нас. Наша компания постоянно развивается и растет.
Мы предоставляем широкий спектр услуг обеспечивающий прекрасный результат и...